Алматыдан Алакөлге бес пойыз бағыты іске қосылады

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар билеттерді қайта сату фактілерінің алдын алу шаралары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының әкімдігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен меморандумға қол қойды, оған сәйкес Алакөлге 11 бағыт қатынайтын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 бағыттың бесеуі тікелей Алматыдан қатынайтын болады.

Сондай-ақ компания пойыздар қозғалысын қадағалауды күшейтіп, сәйкесінше жолаушылар орнын 11 мыңға дейін ұлғайту арқылы билеттер тапшылығы мәселесін шешуге ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар, билеттерді қайта сату фактілерінің алдын алу шаралары жүргізілуде.

Егер бір типті сұраныс көп мәрте қайталанса, пайдаланушыны блоктау және тапсырыс берушіге резервтелген орындар туралы SMS жіберілгенін растау арқылы күту тізіміне сәйкес билеттерді басымдық тәртібімен сатып алуға болады.