Солтүстікте ауа температурасы түнде -28 градусқа дейін төмендейді – синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 15-17 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура 17...28 аязға дейін төмендейді», - делінген синоптиктер болжамында.