ІІМ басшысы Мәжіліс отырысында депутаттар сұрағына жауап берді
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «қаңтар оқиғасына» байланысты азаптау фактілері бойынша құқық қорғау қызметкерлеріне қандай шаралар қолданылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біздің бір қызметкеріміз қамауға алынды. Ол Алматы облысының қызметкері. Міне осы жерде департаменттің орынбасарларынан бастап жұмысынан босатылды. Қалғандарында тергеу нәтижесі бойынша қорытынды шаралар қолданылады», - деді ІІМ басшысы.