Ол SMS арқылы шақыру қағазын алды
БҚО департаменті оралдық блогер Айболат Бөкеновтің атына азаматтық сотқа арыз берді. Ол 17 қаңтар күні сотқа шақыру қағазы бар SMS-хабарлама алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Орал апталығы» басылымына сілтеме жасап.
«Маған сот процесіне шақыру қағазы бар хабарлама келді. Мен хабарламада көрсетілген нөмірге қоңырау шалдым, онда маған сотқа арыз «ар — намысы пен беделді қорғау үшін берілгенін», айтты», – дейді Айболат Бөкенов.
Ол сондай-ақ, оған сотқа шақырған талап арыздың көшірмесін жіберу керек екенін айтты, онда не себепті шақырылғаны жазылуы керек. Алайда хатшы уәде берген электрондық хат оған келмеді.
Айболат Бөкеновке қатысты сот процесі 22 қаңтарға белгіленген.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың күзінде полиция генерал-майоры Махсудхан Әблазимов блогер Айболат Бөкеновтің телефонын тартып алып, жол-көлік оқиғасын түсірген барлық бейнежазбаларды кетіріп тастаған. Кейін блогерге полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ескерту жасалды.