Мәжілістегі ауыс-түйіс: екі депутат өз еркімен қызметтен кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың орнына жаңа депутаттар қосылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Зүлфия Болатқызының өтініші заң аясында қабылданды.

Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасунов денсаулығына байланысты өкілеттілігін мерзімініен бұрын тоқтату туралы өтініш берген.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен кеткен депутаттардың орнына жаңа депутаттар қосылды. Қазақстан халық партиясы мүшесі Гауһар Нұғманова мен Магеррам Магеррамов ант берді.