Қазіргі уақытта еліміздің теңіз порттарына 18 млн тоннаға дейін жүкті қайта бағдарлауға болады
Украинаның айналасындағы жағдайға және соған байланысты туындаған логистикалық қиындықтарға байланысты қазақстандық экспорттаушыларға жүктерін еліміздің теңіз порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жөнелту мүмкіндігін пайдалану ұсынылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жүргізілген келіссөздердің қорытындысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ 50 мың тоннаға жуық металл өнімін Ақтау портына қайта бағдарлап, әрі қарай Әзербайжан мен Грузия арқылы жөнелтуге дайын екенін білдірді.
Қазақстан теңіз порттарының жалпы өткізу қабілеті жылына 23,7 млн тоннаны құрайды. Атап айтқанда:
Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміздің теңіз порттарына 18 млн тоннаға дейін жүкті қайта бағдарлауға болады.
Қазақстан порттарында, сондай-ақ, бір уақытта жүктердің белгілі бір көлемін сақтауға болады. Оның ішінде: