«Боран, түнде 15 градус аяз»: «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің солтүстік аймақтарында әлі де қыс жалғасуда

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күнтізбе бойынша көктемнің алғашқы айы келгенімен, елдің солтүстік аймақтарында әлі де қыс жалғасуда.

«Белсенді антициклон, мұнда көктемгі ауа температурасын мүлдем сақтамайды. Бірақ, алдағы 3 күнде Қазақстанның оңтүстік облыстарына нағыз көктемгі ауа райын әкелген оңтүстік циклон, ақыры солтүстік бағытқа ауыса бастайды.

Елдің солтүстік жартысында мұндай жоғары температура болмаса да, тұрғындар қысқы аяздан дем алады. Оңтүстік циклон қарлы боранға, желдің күшеюіне, сондай-ақ түнде ауа температурасының 5-15 аязға дейін көтерілуіне әкеледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.