Елімізде коронавируспен ауырып жатқан 100-ге жуық адамның жағдайы ауыр – министрлік

Автор: Azattyq Rýhy

22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Коронавирусқа шалдыққан 100-ге жуық адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті. 

11 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 11 910 адам (–10 859+ және 1 051 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 124 пациент стационарда, 10 786 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: 

  • 95 адамның жағдайы ауыр, 
  • 30 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  • 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.