Қазақстанда өткен тәулікте 119 адамнан КВИ инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде, ең көбі Алматы қаласында тіркелді 

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 119 жағдайы тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. 

Өңірлер бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 10, 
Алматы қаласында - 33, 
Шымкент қаласында – 2, 
Ақмола облысында – 2, 
Ақтөбе облысында - 3, 
Алматы облысында - 3, 
Атырау облысында - 2, 
Шығыс Қазақстан облысында - 7, 
Жамбыл облысында - 1, 
Батыс Қазақстан облысында - 9, 
Қарағанды облысында - 7, 
Қостанай облысында - 11, 
Қызылорда облысында - 1, 
Маңғыстау облысында - 0, 
Павлодар облысында - 9, 
Солтүстік Қазақстан облысында - 19, 
Түркістан облысында - 0.

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 304 220 адамнан анықталды.