Павлодарда тұрғын үй өртеніп, 20 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың 17-сі ересек, үшеуі - бала

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодардағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 17 ересек пен үш бала эвакуацияланды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт Ткачев көшесі № 11 үйде болған.  

«№ 3 өрт сөндіру бөлімшесіне Ткачев көшесінде орналасқан онқабатты № 11 үйдің бірінші кіреберісіндегі бесінші қабатта өрт басталғаны хабарланды», - делінген жергілікті ТЖ департаментінің баспасөз хабарламасында. 

ТЖД-дің үш өрт сөндірушісі терезе арқылы өрт басталған үйге кіріп, жалпы бес шаршы метр аумақ өртеніп жатқанын анықтаған.

Ведомство мәліметінше, өрт отты абайсыз қолданғандықтан болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.