ҚР мен АҚШ арасындағы салық тәртібін жетілдіру туралы келісім ратификацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісім ратификацияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген Ақорда хабарламасында.