Шымкентте қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан азаматтар жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Барлық құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 28 ақпаны мен 6 наурыз аралығында қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысқан 43 адамды анықтап, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Барлық құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бүгінде қалада қаңғыбастар мен қайыршыларды анықтау, оларды ұстау және арнайы қабылдау-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілуде.