Карантин талаптарын сақтамаған Алматы мектептеріне 9,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Мониторинг топтарының жұмыс нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберілді

Фото ашық дереккөзден

лматыдағы  карантин талаптарын сақтамаған мектептеріне 9,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінде COVID-19 бойынша шектеу іс-шараларын енгізу кезінде мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға мониторинг пен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізді. Осы мәселе бойынша 166 тексеріс жүргізілді, оның ішінде 87 – арнайы, 57 – жоспардан тыс, 22 – мониторинг топ құрамында тексеріс жүргізілді.

Тексеру барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды:

- Алматы қаласының 3 мектебінде сабақтар арасындағы үзілістердің нормаланған ұзақтығы сақталмайды;

- оқу жоспары мектептердегі күндізгі және аптадағы оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикасын есепке алмай құрастырылған 4 мектепте, бастауыш сыныптарында қосарланған сабақтарға рұқсат етілген 2 мектеп анықталды;

- сыныптардағы жасанды жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі, мектептерде жанып кеткен электр шамдары дер кезінде ауыстырылмайтын 19 мектеп;

 - 2 мектепте оқу жиһаздары жартылай тозған және ауыстыруды қажет етеді.

Сондай-ақ мектептерде дезинфекциялау режимін, үй-жайларды желдету кестесін бұзу және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың басқа да бұзушылықтары анықталды.

«Анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарымен 9 801 109 теңгеге 66 айыппұл салынып, 66 ұйғарым шығарылды. Мониторинг топтарының жұмыс нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберілді», - деп хабарлады департаменттен.