Сәбилер де, аналарының да жағдайы жақсы
Халықаралық әйелдер күні елордада 51 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 8 наурыз күні бір тәулік ішінде қаланың перзентханаларында 51 шақалақ дүниеге келді.
Екі жыл қатарынан бұл күні туу көрсеткіші бойынша ұл балалар көш бастап тұр – 32, ал қыз балалар саны – 19.
Сәбилер де, аналарының да жағдайы жақсы.