09.03.2022, 16:39
Жаңалықтар
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы тағайындалды
Ол бүгінге дейін комитет басшысының орынбасары қызметін атқарып келді
ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін бітірген.
- Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастады.
- 1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді.
- 1998-2001 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.
- 2001-2006 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.
- 2007-2013 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.
- 2013-2021 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.
- 2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек