Президент Паралимпиадада қола жүлдегер атанған Герлицті құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Герлицті паралимпиададағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!»,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.