Алматыда екі жүзге жуық әйел өрт сөндіру саласында  қызмет атқарып жүр

Azattyq Rýhy

Қалалық ТЖД басшылығы өрт сөндіруші әйелдерді мерекемен құттықтады

Фото ашық дереккөзден

Алматыда екі жүзге жуық әйел өрт сөндіру саласында  қызмет атқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар өрт шыққан қауіпті  аймаққа жиі шығады. Оқиға орнынан шұғыл ақпарат таратып қана қоймай, қажетті құрамды жылдам жұмылдыруды да қамтамасыз етеді.

"Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен ауруларымыз үйдің ғана емес, түздің де жұмысын абыроймен атқарып жүр. Сұлулық пен нәзіктік, батырлық пен қайсарлық секілді асыл қасиеттерді бір бойына сыйдырған. Басшылық құрам халықты  тілсіз жаудан құтқарып, елдің амандығын сақтауда тынымсыз еңбек етіп жүрген  қыз-келіншектерді халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды.  Сіздер барда ер азаматтардың еңсесі ешқашан түскен емес. Өміріміздің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Сондықтан денсаулық, отбасылық махаббат тілейміз! Әр таңдарыңыз шуақты, бай-қуатты болыңыздар!", -  деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.