$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шекарашылар Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбек болғандардың жолын кесті

Ұсталған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді

Шекарашылар Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбек болғандардың жолын кесті
ҚР ҰҚК

Шекарашылар Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбек болғандардың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақпарат бойынша, 6 наурызда шекарашылар Қазақстан-Қырғызстан шекара учаскесінің "Қарасу" (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна "АИ-92" маркалы жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан әкетуге жол бермеген.

"Жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған. Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды. Тауар ілеспе құжаттар бойынша "құрама" жүк ретінде рәсімделген", - делінген хабарламада.

Ұсталған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

 

Серіктес жаңалықтары