БҚО-да жеңіл көліктер тиеген ауыр техника аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Арнайы жүк тасымалдау техникасына 6 жеңіл көлік тиелген

24.kz

БҚО-да жеңіл көліктер тиеген ауыр техника аударылып қалды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға «Орал-Атырау» тас жолының бойында орын алды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, трассадан түсіп кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Арнайы жүк тасымалдау техникасына 6 жеңіл көлік тиелген.

«Оқиға 5 наурыз күні сағат 22.30 шамасында Көшім ауылының тұсында болды. Зардап шеккендер жоқ. Көліктерге ғана зақым келді. Ауа райы күрт құбылмалы болып тұр, сондықтан тұрғындардан мейлінше алыс жолға шықпауды сұраймыз», - деп жазды БҚО ПД баспасөз қызметі.