Елордада көпбалалы аналарға «Алтын алқа» төсбелгісі табысталды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы ауданында 172 «Алтын алқа» иегері тұрады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 7 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға «Алтын алқа» табыс етті, деп хабарлады Elorda.info.

Аудан әкімі нәзік жандыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, амандық, молшылық және табыс тіледі.

Айта кетейік, Алматы ауданында 172 «Алтын алқа» иегері тұрады.