Тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украина жерінен шығарылған қазақстандық көліктер туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр. Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.