Қазақстанда қыз-келіншектер саны бір жылда 1,2%-ға өскен

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде ер адамдарға қарағанда әйелдердің айлығы 22%-ға төмен

Фото ашық дереккөзден

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің мәліметінше, биыл жыл басында Қазақстанда әйелдер саны 9,8 млн, ерлер 9,3 млн-ды құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйелдер қауымы бүкіл ел халқының 51,4%-ын құрайды. Қалаларда тұратын әйелдер саны 6 млн, ал ауылдағылар саны 3,8 млн. Белгілі болғандай, әйелдің орташа жасы 33,5 жас. Орташа некеге тұру жасы – 24. Нәзік жандылардың өмір сүру ұзақтығы – 75,5 жас.

Әйелдерге еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың 48,5%-ы тиесілі. Өткен жылғы мәлімет бойынша, әйелдер қауымы білім беру, бизнес және әкімшілендіру, сатушылар мен сату қызметкерлері, сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, елімізде ер адамдарға қарағанда әйелдердің айлығы 22%-ға төмен. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың төртінші тоқсанында 4,9%-ды құрады, бірақ егер ерлер үшін көрсеткіш 4,1%-ға жетсе, әйелдер үшін – 5,1%. Пандемияға дейін әйелдер арасында жоғары біліммен қамтылу көрсеткіші 73,2%-ды, ал ерлер арасында 61,1%-ды құрады.