Пандемия жолаушылар тасымалы саласына зор нұқсан келтірді
Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов есептік кездесу барысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Оның айтуынша, пандемия жолаушылар тасымалы саласына зор нұқсан келтірді. Автобус жүргізушілерінің көбі жүк машиналарының рөлін ұстады.
«Қазіргі кезде автопарктер штатына жүргізушілер ала бастадық. Одан бөлек, жыл ортасына дейін 100-ге тарта автобус сатып алу жоспарланып отыр. Өйткені, қазіргі кезде автобус паркінің 70 проценті ғана жүр: қалғандары не сынған, не оны жүргізетін адам жоқ», - дейді ол.
Асайын Байхановтың айтуынша, бұл мәселе аса күрделі. Дегенмен, оны түзетуге барынша күш салынады.