Ұшақта 133 жолаушы, оның ішінде 2 бала және Қырғызстанның 2 азаматы бар
3 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-де Польшаның Катовице қаласынан үшінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз мәліметінше, ұшақта 133 жолаушы, оның ішінде 2 бала және Қырғызстанның 2 азаматы бар.
«3 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-де Польшаның Катовице қаласынан Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен үшінші репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп жоспарлануда», - делінген ведомство хабарламасында.