Қазақстан 400-ден астам адамның Украинадан шығуына көмек көрсетті

Azattyq Rýhy

Олардың арасында шетелдіктер де бар

Фото ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелері Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғаннан бері 431 азаматқа шығуға көмек көрсетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың арасында Польшаға – 404 адамға, Молдоваға – 21 адамға, Мажарстанға – 5 адамға, Словакияға – 1 адамға шығуға жәрдем көрсетті. Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және Қазақстанға одан әрі жетуді қамтамасыз етеді.

«Air Astana» әуекомпаниясының екі эвакуациялық ұшағы 299 адамды шығарып үлгерді, олар Катовице қаласынан (Польша) Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жетті. Сонымен қатар, осы жылдың 3 наурызында үшінші эвакуациялық ұшақты жіберу пысықталуда.

«Қазіргі уақытта Катовице қаласында 68 ҚР азаматы елге оралуын күтуде. Бұған дейін шекараны кесіп өткен бірқатар азамат ЕО аумағында қалу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, азаматтарымызды украин-поляк шекарасына жеткізу үшін Киевтен 57 адамға және Львовтан 41 адамға сапар ұйымдастырылды», - делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.