$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Олардың жартысынан көбі Өзбекстаннан келді 

Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.  

2022 жылдың 1 наурыз жағдайы бойынша 1 863 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 14% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 2,3% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (14,8%), Түркістан (12,4%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (7,1%), Нур-Султан (6,3%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,3%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 15%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 38,9%-ы орта кәсіби білімді, 48,5%-ы жалпы орта білімді және 1,5%-ының білімі жоқ.

Серіктес жаңалықтары