Жер сілкінісі сағат 03:40 -та болған
Алматыдан 474 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOMЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 3 наурыз күні сағат 03:40-та жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 474 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6. MPV магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – 5 км", – делінген хабарламада.