ҚР Президенті Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңыз екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан басшысы Тоқаев Ресей мен Украинаны ымыраға келуге шақырған болатын.
«Әділ соғыстан әділетсіз бейбітшілік жақсы». Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қажет болса, Қазақстан қайырлы көмегін беруге дайын. Украинадағы жағдай қатысты біз екі мемлекетті де диалогқа келу үшін бүкіл күш-жігерді жұмсауға және бейбіт реттеу бойынша жұмыстар жүргізуге шақырамыз. Басқа жол жоқ», - деді ҚР Президенті.