Жиында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ
Ертең, 3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ», - деп жазды Берік Уәли.
Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды.