Өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ұйыммен ынтымақтастық орнаттық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», - деп жазды ел Президенті.