Қасым-Жомарт Тоқаев екі елді диалог орнату үшін күш салуға шақырды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты ағылшын тілінде пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әділ соғыстан әділетсіз бейбітшілік жақсы». Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қажет болса, Қазақстан қайырлы көмегін беруге дайын», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ екі елді диалог орнату үшін күш салуға шақырды.
«Украинадағы жағдай қатысты біз екі мемлекетті де диалогқа келу үшін бүкіл күш-жігерді жұмсауға және бейбіт реттеу бойынша жұмыстар жүргізуге шақырамыз. Басқа жол жоқ», - деді ҚР Президенті.