Жастар санатын 35-ке дейін ұлғайтуды ұсынамыз − Жас депутаттар корпусының мүшесі

Автор: Azattyq Rýhy

Кристина Шафикова NEET санатындағы жастармен күресті қолға алу керектігін айтты

Фото: ашық дереккөзден

«Жастар саясаты туралы» заң жетілдіруді қажет етеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезінде Жас депутаттар корпусының мүшесі Кристина Шафикова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі кезде менің қатарластарымдың басындағы түйіткілді мәселелерді «Жастар саясаты туралы» заң шеңберінде шешуді ұсынамыз. Бұған қоса, жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайту туралы ұсынысымыз бар. Біздің басты басымдығымыз – NEET жастармен күрес. Бірақ заң жобасында оның анықтамасы ғана бар және онымен жұмыс істеудің нақты тетіктері жоқ. Осы мәселені мәжілістегі депутаттарымыз арқылы шешуді, талқылауды көздейміз», - дейді Кристина Шафикова.