Соңғы диагнозды генетикалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін жасауға болады
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы мамандарымен телемедицина сеансы өткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 28 ақпандағы ақпаратқа сәйкес балалардың жағдайы тұрақты, жақсарып келеді.
«Бүлдіршіндер ойнап, сөйлеп, сұрақтарға жауап бере бастады. Тәбеттері жақсы. Офтальмолог, сурдолог кеңес берді. Қосымша рентгенологиялық және зертханалық тексеру жүргізіледі. 21 ақпанда Алматы қаласына ТМС-генетикалық талдауға қан үлгілері жіберілді», - дейді басқармада.
Соңғы диагнозды генетикалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін жасауға болады.
Еске сала кетейік, Екібастұзда тұрмысы нашар отбасында болған оқиға бойынша ішкі тергеу аяқталды. Тағы бірқатар шенеуніктер мен жауапты адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екеуі енді өз лауазымдарын атқармайды. Жұмыс тобы сондай-ақ осындай жағдайларды болдырмау үшін ұсыныстар жасады.
Олардың тазаланбаған үйде денсаулықтары нашар күйде өмір сүріп жатқаны және соңғы үш күнде тамақтанбағаны белгілі болды. Отбасы 2019 жылы Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінен Екібастұз қаласына көшкен.
Кейін Павлодар облысының әкімі оқиғаға қатысты Екібастұзда кеңес өткізді. Сондай-ақ Екібастұз бен Ақсу қаласының әкімдері сөгіс алды.
Болған оқиға бойынша ішкі тергеудің қорытындысы бойынша бірқатар шенеуніктер мен жауапты адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екеуі енді өз лауазымдарын атқармайды. Жұмыс тобы сондай-ақ осындай жағдайларды болдырмау үшін ұсыныстар жасады.
Балалардың денсаулығын жақсарту және мүгедектікті ресімдеу мақсатында алар Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» орталығына жіберілген. Балалардың толық тексеруден өтіп, емделуі үшін әзірге ата-ана құқығын шектеу туралы өтініш берілмеген.