Оның төртеуі пневмониядан қайтыс болған
26 ақпан күні Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Оның ішінде 4-еуі КВИ инфекциясынан, 4-еуі пневмониядан қайтқан.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші біршама азайып келеді. Өткен тәулікте 263 адамнан COVID-19 анықталды.