Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жауады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын-шашын жауады, (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, жел күшейеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстікте найзағай ойнайды», - делінген хабарламада.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай, облыстың батысы мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, желдің жылдамыдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болады, облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, батысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі.