Қазіргі таңда КВИ жұқтырған 184 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 27 ақпандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 13 адам қайтыс болды.
27 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 912 адам коронавирус инфекциясынан (–21 798+ және 1 114 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 592 пациент стационарда, 20 320 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 184 адамның жағдайы ауыр,
- 69 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 26 ақпандағы мәлімет бойынша 38 жаңа жағдай тіркелді, 21 адам емделіп шықты, 1 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 114;
- жазылып шыққандар саны – 81 663;
- өлім жағдайы – 5 337.