Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.