КВИ жұқтырған 183 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 26 ақпандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 7 адам қайтыс болды.
26 ақпандағы мәлімет бойынша, 23 979 адам коронавирус инфекциясынан (–22 881+ және 1 098 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 782 пациент стационарда, 21 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 183 адамның жағдайы ауыр,
- 78 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 25 ақпандағы мәлімет бойынша 41 жаңа жағдай тіркелді, 30 адам емделіп шықты, 2 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 076;
- жазылып шыққандар саны – 81 642 ;
- өлім жағдайы – 5 336.