Азаматшаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Мысықты жолда қардырған павлодарлық әйел жауапқа тартылды. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар полицейлері Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған фотосурет бойынша полиция тексеру жүргізді. Фотосуреттің астында жүргізуші әйел жол бойында тоқтап, мысықты жолда қалдырғаны туралы жазылған.
«Жүргізушінің жеке басы анықталды. Белгілі болғандай, қала тұрғыны Рахмет базарына азық-түлік сатып алуға келген, көліктің есігі ашық болғандықтан даладағы мысық салонға кіріп алған. Кейін мысықтың даусын естіп, жүргізуші мысықты машинадан сыртқа шығарған. Облыс орталығының 57 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабының 1-бөлімі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.