Оның ішінде 13 алтын, 21 күміс және 63 қола медаль бар
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 97 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, депхабарлайды Azattyq Rýhy.
XVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 97 медаль жеңіп алды, оның ішінде 13 алтын, 21 күміс және 63 қола медаль. Жеңімпаздар Astana IT University және ҚБТУ сияқты жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім беру гранттарына ие болды.
Айта кетейік, биыл Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысушылардың рекордтық саны, дәлірек айтқанда, әлемнің 21 елінен 1 200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Ресей, Румыния, Норвегия, Үндістан, Болгария, Грузия, Вьетнам, Индонезия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан және т.б. елдер бар. Зияткерлік жарысқа Қазақстан атынан 200-ден астам оқушыдан құралған 32 команда қатысты.