Атырауда заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер «Қару» іс-шарасы аясында 1974 қарудың иесін тексерді

Фото ашық дереккөзден

Атырауда қаруды тіркеу ережесін бұзудың 26 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке қарағанда, 7 ақпаннан бері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараны өткізудегі мақсат – атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылауды жүзеге асыру. Полиция қызметкерлері аталған іс-шара аясында 1974 қарудың иесін тексерді. Соның нәтижесінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 70, қаруды тіркеу ережелерін бұзудың 26 дерегіі анықталды. Заңнама талабын бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 486, 484-баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.