Оның бұл қызметті атқарғанына тұп-тура бір жыл болды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.