Тәліптер Ресей мен Украинаны бейбітшілікке шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәліптер Украинадағы ауған студенттері мен мигранттарын құтқаруға ниетті

Фото ашық дереккөзден

Ауған билігі Украинадағы қақтығыс тараптарын келіссөздер үстелінде бас қосуға және проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) үкіметі жанындағы Ауған сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи Twitter желісінде жазды.

Талибан Ресейдің арнайы операциясы өтіп жатқан Донбастағы жағдайды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті. Олар бейбіт тұрғындар арасындағы құрбан болуына алаңдаушылық білдіріп,  тараптарды қарқынды әскери әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар, тәліп тарапы Украинадағы ауған студенттері мен мигранттарын құтқаруға ниетті.