Қарағандыда кондуктор оқушыны соққыға жықты
Қазіргі уақытта ол жұмыстан шеттетілді
Қарағандыда кондуктор оқушыны соққыға жықты. Автобус ішіндегі оқиға туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі ақпарат бойынша, оқиға №56 автобуста болған. Видеодағы жазбада "кондуктор оқушыда Onay картасының орнына оқушылардың картасы болғаны үшін төбелес шығарғаны" жазылған.
Жергілікті автопарк өкілдері аталған оқиғаның мән-жайын айтты. Қарағанды қаласындағы жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Асыл Түлеубаевтың сөзінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.
"Кондуктор жұмыстан шеттетілді. Кондуктор тарапынан кінәсі дәлелденген жағдайда қызметкер жұмыстан босатылады. Сонымен қатар, қалада электрон билеттеу жүйесі енгізіліп жатқанын хабарлаймыз. Ол арқылы жол жүруге арналған тариф енгізілгеннен кейін жұмыстың кондукторсыз схемасы қамтамасыз етіледі", - деді Асыл Түлеубаев.