Бұл Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты болып отыр
Ресей президенті Владимир Путиннің Донбаста арнайы операция өткізу туралы мәлімдемесінен кейін Brent мұнайының бағасы барреліне 100 доллардан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лондон биржасының сауда-саттық дерегі бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы 3,397 пайызға – барреліне 100,13 долларға дейін көтерілді. Мамыр фьючерстері 3,463 пайызға, 97,1 долларға дейін қымбаттады.
Сәуірде WTI фьючерстері 4,015 пайызға, барреліне 95,6 долларға дейін өсті.