Семей қаласында тепловоз қаққан 29 жастағы азамат қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото ашық дереккөзден

Семей қаласында пойыз қаққан ер адам мерт болды. Бұл туралы ШҚО көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, оқиға «Спартак» стадионы маңындағы теміржолда болды. 29 жастағы азаматты тепловоз қағып кеткен.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Семей стансасының желілік полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.