Алматыда қарсы жолақпен артқа жүрген көлік жүргізушісі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол ережесін бұзған 18 жасар азамат жауапқа тартылды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, Саин көшесінде қарсы жолақпен, артқа жүрген мемлекеттік нөмірі жоқ «Lexus» көлігінің жүргізушісі қолға түсті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Тексеру Алматы қаласы полиця департаментінің арнайы батальон қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы – 2004 жылы 19 ақпанда туған М. есімді азамат. Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҚК 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 595-бабының 2-бөлігі, 602-бабының 1-1-бөлігі, 603-бабының 2-бөлігі, 612-бабының 2-бөлігі және 614-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды»,- деп хабарлады полициядан.