Әуе кемесі Қызылорда – Арал бағыты бойынша TJA5217 санитарлық рейсін орындады
Қызылорда облысында АН-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерге қону кезінде «Тараз Жаңа Әлем» жеке авиакомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Қызылорда – Арал бағыты бойынша TJA5217 санитарлық рейсін орындады», - делінген ведомство хабарламасында.
Бортта экипаждың 2 мүшесі және 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізетін болады.
Ан-2 – кеңестік жеңіл көп мақсатты ұшақ. Ол ауыл шаруашылығы, спорт, көлік, жаттығу, жолаушылар ұшағы ретінде қолданылады.