Елімізде COVID-19 вирусы мен пневмониядан тағы 10 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 8-і коронавирустан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

21 ақпанда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Оның ішінде 8-і КВИ инфекциясынан, екеуі пневмониядан қайтқан. 

Айта кетейік, өткен тәулікте еліміз бойынша 598 адамнан COVID-19 анықталды.