«Қар, боран, аяз»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Елдің солтүстік жартысына фронтальді бөлімдер әсер етеді — қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 аяздан 5 градусқа дейін жылу, батысында 0-10 градус аяз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.